Accessibility links

Тәжікстанда радиоларға Рахмон шығармаларын оқуды міндеттеді


Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.
Эмомали Рахмон, Тәжікстан президенті.

Тәжікстанның телеарна және радио хабарларын тарату жөніндегі комитеті мемлекеттік және жекеменшік радиоларға президент Эмомали Рахмонның шығармаларын оқуды міндеттеген. Билік мұндай шара азаматтардың "патриоттық сезімін өсіреді" деп есептейді.

"Точикистон" мемлекеттік радиосының директоры Фаррух Зиёевтің айтуынша, мемлекет басшысының кітаптарын оқыту үшін театр әртістерін тартқан. Қазірдің өзінде екі кітап оқылған. "Мұндай шешімге дейін біз екі кітапты оқып, эфирге бердік" деді ол.

Өткен жылы Тәжікстанның мемлекеттік телеарнасы тәжік президентінің "Арийлерден саманидтерге дейін" кітабынан үзінді көрсеткен еді. Тәуелсіз телеарналар өкілдерінің хабарлауынша, оларға патриоттық мазмұндағы бағдарламаларды эфирге шығаруды міндеттеген.

Тәжік журналисі Марат Мамадшоев мұндай әдеби оқулар совет заманын еске түсіріп, адамдарды шынайы өмірден алшақтататынын айтады.

XS
SM
MD
LG