Accessibility links

Саакашвили әлдекімдер жүргізушісін соққыға жыққанын мәлімдеді


Грущияның бұрынғы президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили (ортада) жақтастарымен бірге Киевтің орталығындағы марш кезінде. 12 қараша 2017 жыл.
Грущияның бұрынғы президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили (ортада) жақтастарымен бірге Киевтің орталығындағы марш кезінде. 12 қараша 2017 жыл.

Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили әлдебір адамдар өзінің жүргізушісін соққыға жығып кеткенін мәлімдеді. Украинаның "Жаңа күштер қозғалысы" партиясынң жетекшісі Саакашвили жүргізушісі өзінің көлігінің жанына қойылған екі көлікті танығанын хабарлады. Оның сөзінше, бұның алдында ол екі көлік өздерін аңдып жүрген. Саакашвили оларды Украина қауіпсіздік күштерінің көліктері деп ұққан. Кеше Киевте Саакашвилидің жақтастары Украина президенті Петр Порошенконың жеке үйіне кіруге ұмтылған. Күшті күзет қойылған үйден наразыларға ешкім шықпады.

Бұдан соң митингке шыққандар президент әкімшілігінде шиналарды өртеді. Олар Украинаның шығысындағы антитеррорлық операцияға қатысқан ерікті Грузия азаматы Вано Надирадзенің қайда екенін айтуды талап етіп отыр. Олардың мәліметінше, Надирадзені Грузияға депортациялап жіберген. Украина құқық қорғау органдары мұны растаған жоқ. Ал Тбилиси оны таба алмай отыр.

Михаил Саакашвили жақтастарына Украина билігі қысым көрсетіп отырғанын айтады. Олардың кейбірі елден шығарылған.

Саакашвили мен оның жақтастары бұдан бұрын Жоғарғы Рада алдына тіккен палаткаларын жинап алған. Олар Порошенкоға импичмент жариялауды талап етеді. Бүгін Киевте кезекті қарсылық акциясы өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG