Accessibility links

Биліктен шеттетілген Мугабе отставкаға кетуден бас тартты


Роберт Мугабенің халыққа үндеуін теледидар экранынан тыңдап тұрған зимбабвеліктер. Харере, 19 қараша 2017 жыл.
Роберт Мугабенің халыққа үндеуін теледидар экранынан тыңдап тұрған зимбабвеліктер. Харере, 19 қараша 2017 жыл.

Зимбабве президенті Роберт Мугабе өзінің отставкаға кететінін мәлімдемеді. 18 қарашада ел астанасы Хараре қаласында ондаған мың адам көшеге шығып, Мугабені биліктен шеттеткен әскерилерге қолдау білдірген. Сенбінің кешінде Мугабенің кортежі Хараредегі мемлекет басшысының "Көгілдір шатыр" резиденциясынан шығып кеткен. Кей бұқаралық ақпарат құралдары Мугабе елден кетіп қалды деп хабарлады. Әзірше ресми орындар ол ақпаратты растаған жоқ.

Мугабе 1980 жылдары жариялаған ұлттық келісім саясатының елдің бірлігін сақтауда оң ықпалы болғанын мәлімдеді. Ол Зимбабве халқы "тәуелсіздік үшін төленген құнды" есіне алып, алға жылжи алатынына сенім білдірді.

Мугабе халыққа өз әкімшілінің жоғары шенді шенеуніктері және әскер басшыларының ортасында тұрып сөйледі. Ол сөзінде бірнеше рет мүдіріп, сөзінен шатасып, үндеу мәтіні жазылған парақшаларды ауыстыра берді.

Харареде жүрген шетелдік елшілер елде "біртүрлі төңкеріс" болғанын, оның нәтижесінде авторитар басшының кем дегенде бірнеше күн билікте отырғанын айтады.

19 қарашада өзі басқарған "Зимбабвенің афиркалық ұлттық одағы – Патриоттық майдан" партиясы Мугабеге биліктен кетуге бір күн уақыт бергені хабарланған.

XS
SM
MD
LG