Accessibility links

Анкара билігі гейлердің мәдени шараларына тыйым салды


Стамбулдағы ЛГБТ қауымдастығының маршы (Көрнекі сурет).
Стамбулдағы ЛГБТ қауымдастығының маршы (Көрнекі сурет).

Түркияда Анкара билігі лесби, гей, бисексуал және трансгендер (ЛГБТ) қауымдастығына мәдени шаралар өткізуге тыйым салды. Анкара мен оған жақын аудандарда театрландырылған көріністер қоюға, фильмдер көрсетуге, көрме және басқа да жобалар ұйымдастыруға тыйым салынды. Бұл туралы 19 қарашада Анкара әкімшілігінің ресми сайтында хабарланды. Билік тыйым қоғамдық тәртіпті сақтау, ықтимал арандатушылықтың алдын алу және басқа да "жағымсыз" көпшілік акцияларды болдырмау үшін салынғанын айтады.

15 қарашада Анкара билігі осындай уәжбен қалада ЛГБТ-ның екі күндік Pinkes Leben Queer кинофестиваліне де тыйым салған. Фестивальді ұйымдастырушылардың арасында Германия елшілігі бар. Іс-шарада неміс режиссерлерінің фильмдерін көрсету жоспарланған болатын.

Фестивальдің басталуына бір күн қалғанда ғана жарияланған тыйым салу туралы қаулыда "теракт және арандату" болуы мүмкін екені айтылған. Қаулыда фильмдердің "қоғамның басқа да өкілдеріне қатысты жек көрушілік пен жаулық сезімін туғызып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін" екені айтылған.

XS
SM
MD
LG