Accessibility links

Атамбаев: Қызметімді тапсырып, жеңілдеп қаламын


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қызметін тапсырып, "жеңілдеп қалатынын" мәлімдеді. Бұл жайында ол дүйсенбіде Бішкекте өтіп жатқан қорытынды баспасөз конференциясында айтты.

Оның сөзінше, президент қызметін атқарған алты жыл "ұзақ және ауыр" болған. "Ұйықтамаған күндер де болды. Бірақ Құдайға шүкір, бұл жүкті абыроймен арқалай алдым" деді Атамбаев.

Ол демалғысы келетінін де айтты.

Атамбаев президент қызметіне 2011 жылдың 1 желтоқсанында кіріскен. Биыл 1 желтоқсанда оның өкілеттігі аяқталады.

Жаңа сайланған президент Сооронбай Жээенбековті ұлықтау шарасы 24 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG