Accessibility links

СҚО-да мемлекеттік қызметкерлер саны азайып барады


Ғалым Тұрсынбаев, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы. Петропавл, 20 қараша 2017 жыл.
Ғалым Тұрсынбаев, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы. Петропавл, 20 қараша 2017 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлер саны азайып барады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы тәртіптік кеңестің кезекті отырысында мәлім болды. Биылғы жылдың он айы ішінде мемлекеттік қызметтен өз еркімен кеткендердің саны 150 адамнан асқан. Мамандар бұған мемлекеттік қызметкерлер жалақысының аздығы себеп екенін айтады.

- Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, қызметкерлер мемлекеттік қызметтен кетудің себептері ретінде жалақының аздығын және уақытының көп бөлігі жұмыста өтетінін айтқан. Сонымен қатар мансаппен көтерілу қиын деп жауап берген, - дейді мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Мамандар әсіресе, аудандарда мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге құлықты емес. Керісінше, қызметін тастап, Астанаға кетіп жатқандардың саны артып кеткен.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Солтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа жалақы мөлшері 101 853 теңге, ал жан басына шаққандағы күн көріс деңгейі 23 681 теңгені құрап отыр. Оның 14209 теңгесі азық-түлікке, қалған 9472 теңгесі өзге қажеттілікке жұмсалады.

XS
SM
MD
LG