Accessibility links

Чехия президенті Сочиде Путинмен кездеседі


Чехия президенті Милош Земанның (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі. Пекин, мамыр 2017 жыл.
Чехия президенті Милош Земанның (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі. Пекин, мамыр 2017 жыл.

Чехия президенті Милош Земан Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Сочиге барды. Ресейшіл Милош Земан төрт күндік сапарында Мәскеуге де барып, 22 қарашада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездеседі және ресей-чех бизнес форумында сөйлейді. Форумға чехиялық компаниялардың 130-ға тарта басшысы қатысады. Земан 22 қарашада СССР-дің бұрынғы президенті Михаил Горбачевпен түстенуді жоспарлап отыр.

Чехияда Земанның өкілеті шектеулі болса да, оның өткен жылы Ресей мен Путинді қолдап айтқан сөздері Чехия үкіметі мен оның Батыстағы одақтастарының алаңдаушылығын тудырған.

Земан Мәскеудің Украинадағы басқыншылық саясатына қарсы Батыс елдері салған санкциялардың нәтижелі боларына күмән келтіріп, Киевтің сынына ұшыраған. Ол Мәскеудің 2014 жылы Қырымды аннексиялап алуын "болып қойған факт" деп атап, Ресей Украинаға газбен, мұнаймен немесе ақшалай түрде өтемақы төлеуі керек деген ұсыныс білдірген.

2016 жылы Земан АҚШ-ты Сириядағы азаматтық соғысқа заңсыз араласып отыр деп айыптап, ал бұл елдегі Ресейдің "терроризмге қарсы кампаниясына" жоғары баға берген.

XS
SM
MD
LG