Accessibility links

Тәжікстан "ИМ офицері" Денис Хисамовты Ресейге экстрадициялады


Денис Хисамов, Ресей қорғаныс министрлігінің бұрынғы офицері.
Денис Хисамов, Ресей қорғаныс министрлігінің бұрынғы офицері.

"Ресей қорғаныс министрлігінің бұрынғы офицері Денис Хисамов Ресейге экстрадицияланды" деп хабарлады Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Денис Хисамов өткен аптада мемлекетаралық келісімге сәйкес Ресейге берілді" деді министрліктің баспасөз хатшысы Умарджони Эмомали.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің 23 қазанда хабарлауынша, Түркия Тәжікстанға 34 жастағы ресейлік офицер Денис Хисамовты экстрадициялаған. Ол Сириядан Түркияға кіру үшін жалған тәжік төлқұжатын қолданған.

Тәжік билігінің мәліметінше, Хисамов Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының сапында соғысып, кейін Түркияға қайтқан бетте қолға түскен. Ол Сириядан Түркияға, сол арқылы Ресейге барып, сонда қылмыс жасамақ болған деген күдікке ілінген. Бірақ оның нақты қандай қылмыс жасамақ болған хабарланбады.

Денис Хисамов - Краснодардан шыққан, жоғары білімді, техника ғылымдарының кандидаты. 2004-2009 жылдары Ресей қорғаныс министрлігінде жұмыс істеген. Әскери мансабының басында ол қорғаныс министрлігінің жанындағы ғылыми орталықтың мемлекеттік құпияны қорғау қызметінің бастығы болған. Ол тергеуде Ресей армиясынан 2009 жылы босатылғанын айтқан.

Ресей билігі Хисамовтың қамалуына байланысты комментарий бермеді.

XS
SM
MD
LG