Accessibility links

Құқық қорғаушы: ІІМ түрмедегі адам өлімі туралы мәлімет бермейді


Анар Ибраева, "Қадыр-Қасиет" құқық қорғау ұйымының жетекшісі.
Анар Ибраева, "Қадыр-Қасиет" құқық қорғау ұйымының жетекшісі.

Қазақстан ішкі істер министрлігіне бағынышты түзеу мекемелеріндегі адам өлімі туралы ақпарат көпшілік үшін жабық болып шықты деп мәлімдеді "Қадыр-Қасиет" құқық қорғау ұйымының жетекшісі Анар Ибраева. Оның сөзінше, ұйым "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" заң бойынша ішкі істер министрлігіне түрмелерде қайтыс болған адам саны туралы ақпаратты сұрап, ресми сауал жолдаған, бірақ министрлік ол туралы ақпарат беруден бас тартқан.

- Бұрын әрбір кісі өлімі фактісі тіпті қоғамдық бақылау комиссиясына жіберіліп тұратын, бірақ қазір оны қызметтік ақпарат деп, мәлімет беруден бас тартып отыр, - деді Ибраева бүгін Астанада азаптау фактілерін нәтижелі тергеу және оны құжатта көрсету мәселелеріне арналған конференцияда.

Қазақстан ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жауабында "Сұралып отырған мәлімет қолжетімді ақпараттар тізіміне енбейді және ол қызметтік мақсатта пайдаланылады әрі көпшілікке жариялауға болмайды" делінген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG