Accessibility links

Жамбыл облысында сот баптистер шіркеуінің қызметін тоқтатты


Жамбыл облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Жамбыл облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысының Шу аудандық соты евангелистік христиан баптистерінің құлшылық жасайтын үйінің қызметін тоқтату туралы қаулы шығарды. Соттың баспасөз қызметі Шу аудандық соты жергілікті "З" есімді жергілікті тұрғынға қатысты "діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу жөнінде" әкімшілік істі қараған соң шығарғанын хабарлады.

"З" есімді тұрғынның меншігіндегі үйді тексеру кезінде ол үйде "Евенгелистік христиан-баптистер" діни бірлестігінің діни қызметшілері және оған келушілер мемлекеттік тіркеуден өтпестен діни жоралғылар, рәсімдер мен жиындар өтіп тұрғаны анықталды" делінген сот хабарламасында. Жергілікті тұрғын сот процесінде "кінәсін толық мойындаған". Сот хабарламасында тексеруді экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізгені айтылады.

Сот үй иесін "діни ғұрыптар мен жоралғылар өткізуге қойылатын талаптарды бұзды" деп айыптап, оған 50 айлық есептік көрсеткіш (113450 теңге) көлемінде айыппұл салған және құлшылық жасайтын үй қызметін үш айға тоқтатқан.

Іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "діни қызмет және діни бірлестіктері туралы заңнаманы бұзу" бабы бойынша қаралған. Сот қаулысы әзірге орындалған жоқ.

XS
SM
MD
LG