Accessibility links

Тәжікстанда "салафилермен байланысы бар" кардиохирургті соттап жатыр


Тәжікстандық кардиохирург Абдумалик Саломов әйелі Зарринахон Саломовамен бірге.
Тәжікстандық кардиохирург Абдумалик Саломов әйелі Зарринахон Саломовамен бірге.

Тәжікстанның Худжанд қаласының сотында белгілі кардиохирург Абдумалик Саломовтың ісі қаралып жатыр. Оған Тәжікстанда тыйым салынған "Салафия" қозғалысымен байланысы бар деген айып тағылған.

Азаттықтың Тәжік редакциясына дереккөздің хабарлауынша, бұл іс бойынша дәрігермен қатар тағы екі адам күдікті деп танылған. Жүрекке күрделі операцялар жасаған танымал хирург қыркүйек айының соңында ұсталып, тергеу абақтысына жабылған.

Саломовтың адвокаты Бахтиёр Вахидовтың айтуынша, кардиохирург елде тыйым салынған "Салафия" қозғалысына байланысы бар деген күдікке ілінген.

"Тергеушілердің нақты дәлелі жоқ. Оны қамауға алуға жеткілікті негіз болған жоқ" - деді Бахтиёр Вохидов.

Саломовтың өзі тағылған айыптарды мойындамайды, ол ешқашан діни ұйымға мүше болмағанын айтады. Адвокаттың сөзінше, кардиохирургтің туыстары президент Эмомали Рахмонға хат жазып, қылмыстық істің әділ тергелуін сұраған.

XS
SM
MD
LG