Accessibility links

Чехия президенті ЕО-ны Ресейге қарсы санкцияларын жоюға шақырды


Чехия президенті Милош Земан (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. Сочи, 21 қараша 2017 жыл.
Чехия президенті Милош Земан (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. Сочи, 21 қараша 2017 жыл.

Чехия президенті Милош Земан Еуропа Одағын (ЕО) Ресейге қарсы санкцияларын жоюға шақырды. 21 қарашада Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде Милош Земан Мәскеудің санкцияларға жауап ретінде қабылдаған шараларына да қарсылығын білдірді. Земан егер санкциялар жойылмаса, онда Ресейдің "тамаша ірімшік пен йогурттен қағылатынын" айтты.

Владимир Путин 21 қарашада бұдан бұрын Сочиде Сирия президенті Башар Асадпен кзедескен болатын. France Press агенттігінің хабарлауынша, Земанмен кездесуінде Путин Сирия үкіметінің әскері ел аумағының 98 пайызына бақылау орнатқанын мәлімдеді.

Чехияда Земанның өкілеті шектеулі болса да, оның өткен жылы Ресей мен Путинді қолдап айтқан сөздері Чехия үкіметі мен оның Батыстағы одақтастарының алаңдаушылығын тудырған.

Земан Мәскеудің Украинадағы басқыншылық саясатына қарсы АҚШ пен Батыс елдері салған санкциялардың нәтижелі боларына күмән келтіріп, Киевтің сынына ұшыраған. Ол Мәскеудің 2014 жылы Қырымды аннексиялап алуын "болып қойған факт" деп атап, Ресей Украинаға газбен, мұнаймен немесе ақшалай түрде өтемақы төлеуі керек деген ұсыныс білдірген.

2016 жылы Земан АҚШ-ты Сириядағы азаматтық соғысқа заңсыз араласып отыр деп айыптап, ал бұл елдегі Ресейдің "терроризмге қарсы кампаниясына" жоғары баға берген.

XS
SM
MD
LG