Accessibility links

Ресей опера әншісі Дмитрий Хворостовский қайтыс болды


Дмитрий Хворостовский, Ресей опера әншісі.
Дмитрий Хворостовский, Ресей опера әншісі.

Ресейдің опера әншісі Дмитрий Хворостовский қайтыс болды деп хабарлайды Ресей халық әртісі Иосиф Кобзонға сілтеме жасаған РБК агенттігі. 55 жастағы Хворостовскийдің көз жұмғанын бұдан бұрын Twitter-де ресейлік әнші Дмитрий Маликов та хабарлаған.

Иосиф Кобзон әншінің Швейцарияда қайтыс болған хабарлады. Ал Маликовтың айтуынша, Хворостовский соңғы кезде тұрған Лондонда көз жұмған.

2015 жылы маусымда Хворостовскийдің миында қатерлі ісік бары анықталған. Ол Лондондағы онкологиялық орталықтардың бірінде бірнеше рет емделіп, сосын сахнаға қайта оралған. Әншінің денсаулығы 2016 жылдың соңында қайта нашарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG