Accessibility links

ОҚО: "Мұнай ұрлаумен" айналысқан қылмыстық топ ұсталды


Kazakhstan - Map of South Kazakhstan Region.
Kazakhstan - Map of South Kazakhstan Region.

"Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды" деп хабарлайды Азаттыққа облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, бүгін облыс прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) бойынша департаментімен бірлескен жедел тергеу тобы "Қазтрансойл" компаниясының "Құмкөл-Павлодар-Шымкент" мұнай құбырынан шикізат ұрлаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталған.

Қылмыстық топ облыстың бірнеше ауданындағы құбырды тесіп мұнай ұрлаумен айналысқан. Ұрланған мұнайды облыс аумағындағы асфальт зауыттары алып отырған. "Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 262-бабы ("Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық жасау, сол сияқты оған қатысу"), 188-бабы ("Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық"), 197-бабы ("Мұнай және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, иемдену") бойынша қылмыстық іс қозғалды" делінген хабарламада.

Бес күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған.

Прокуратура асфальт зауыттары мен осы іске қатысы бар азаматтардың мекен-жайында тінту, тергеу жүргізіліп жатқанын айтады.

Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет бұған дейін Ақтөбе облысында "мұнай ұрлаумен айналысты" деген күдікке ілінген қылмыстық топ мүшелерін ұстаған. 21 қарашада "мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың" мүшесі делінген 26 адамның ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өткен.

XS
SM
MD
LG