Accessibility links

Тбилиси түбіндегі операцияда "үш терроршының" көзі жойылды


Тбилиси түбіндегі қарулы топқа қарсы жүргізілген арнайы операция. Грузия, 22 қараша 2017 жыл.
Тбилиси түбіндегі қарулы топқа қарсы жүргізілген арнайы операция. Грузия, 22 қараша 2017 жыл.

Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) Тбилиси түбінде қарулы топқа қарсы арнайы операция жүргізіліп, күдікті үш "терроршының" көзі жойылғанын хабарлады. СҚҚ баспасөз хатшысы Нино Гиоргобианидің 22 қарашада хабарлауынша, Исани ауданында болған атыстан арнайы жасақтың бір сарбазы қаза тапқан. Арнайы жасақ сарбазы атыс кезінде жараланып, ауруханада көз жұмған.

Биліктің мәліметінше, 21 қараша күні басталып, 22 қараша күні кешке аяқталған операцияда кем дегенде бір қарулы адам қолға түсіп, төрт полиция қызметкері жараланған.

Тбилисидегі арнайы операция кезінде күдіктілер бекінген үйдің терезесінен шыққан түтін. Грузия, 22 қараша 2017 жыл.
Тбилисидегі арнайы операция кезінде күдіктілер бекінген үйдің терезесінен шыққан түтін. Грузия, 22 қараша 2017 жыл.

Гиоргобиани операция жүргізілген қарулы топ мүшелері шетел азаматтары екенін және "террорлық ұйымдармен байланысы бар" деген күдікке ілінгенін айтады. Баспасөз хатшысы күдіктілердің қай елдің азаматтары екенін және қандай террорлық топпен байланысы барын айтпады. Бірақ Грузия БАҚ-тары қарулы адамдар "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар деген күдікке ілінгенін хабарлап жатыр.

Грузия билігі бұған дейін елдің солтүстігіндегі Ресейдің Шешенстан республикасымен шектесетін Панкиси шатқалында терроризмге қарсы бірнеше операция жүргізген.

XS
SM
MD
LG