Accessibility links

Оралда сәбиін тастап кеткен әйелге үкім шықты


Орал тұрғыны Зарина Досмұхамбетова өзіне сот үкімі оқылған сәтте жүзін жасырып тұр. Орал, 23 қараша 2017 жыл.
Орал тұрғыны Зарина Досмұхамбетова өзіне сот үкімі оқылған сәтте жүзін жасырып тұр. Орал, 23 қараша 2017 жыл.

Орал қалалық сотының судьясы Асқар Исмайылов бейсенбіде қаланың 21 жастағы тұрғыны Зарина Досмұхамбетованы "баланы қауіпті жағдайда қалдырып кетті" деп айыптап, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын кесті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Тергеу мәліметінше, оралдық әйел некесіз туған баласын жігітімен ұрсысып қалғаннан екі аптадан кейін балалар үйіне өткізбек болған, бірақ балалар үйін таба алмай, баланы 4-ықшамаудандағы "салынып жатқан үй астындағы жайдың терезесіне" қалдырып кеткен. Нәрестені ол жерден жергілікті тұрғын кездейсоқ байқап қалып, полиция шақырған.

Досмұхамбетова үкім жарияланған соң комментарий беруден бас тартты.

Судья Исмайылова Азаттыққа үкім шыққан соң Досмұхамбетованың жеті айлық баласы әзірге қалалық сәбилер үйінде өсіп жатқанын айтты. Сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Сотталған әйел сәбиді өзіне алғысы келеді, бірақ баланы анасына қайтару мәселесін қамқорлық органдары шешуі керек.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG