Сенатор, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің үлкен қызы Дариға Назарбаева бірінші дәрежелі "Ел қорғаны" медалімен марапатталды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Назарбаеваны қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Астанада жастарды әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жиында марапаттады.
Қорғаныс министрі Назарбаеваға "елдің қорғаныс қабілетін күшейтуді қолдап, үлес қосқаны үшін және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру қызметіндегі белсенділігі" үшін алғыс білдірді.
Дариға Назарбаева марапаттың өзіне үміт ұялататынын, Қазақстан үшін әскери-патриоттық қозғалыстың маңызды екенін айтты.
Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерін биылғы наурыздан бастап "Ел қорғаны" медалімен марапаттай бастаған еді.