Accessibility links

ОҚО: "Мұнай ұрлығына қатысы бар" шенеунікке іздеу жарияланды


Оңтүстік Қазақстан обысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Оңтүстік Қазақстан обысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

"Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай ұрлаумен және өткізумен айналысқан тағы бір күдіктіге іздеу жарияланды" деп хабарлайды Азаттыққа облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы 38 жастағы Данияр Қалдыбаев "Құмкөл-Павлодар-Шымкент" мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 262 және 361-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алу туралы ұйғарым жасалған.

Данияр Қалдыбаевтың 22 қараша күні облыс прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесе ұстаған "ҚазТрансОйл" АҚ-ның "Құмкөл-Павлодар-Шымкент" мұнай құбырынан мұнай ұрлаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топқа "қатысы бары" анықталған.

Тергеу, тексеру тобынан жасырынып жүрген күдіктіге іздеу жарияланды.

Қылмыстық топ облыстың бірнеше ауданындағы құбырды тесіп мұнай ұрлаумен айналысқан. Ұрланған мұнайды облыс аумағындағы асфальт зауыттары қабылдап алып отырған. "Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 262-бабы ("Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу"), 188-бабы ("Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық"), 197-бабы ("Мұнай және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, иемдену") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бес күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған.

XS
SM
MD
LG