Accessibility links

Коалиция Йемен порттарын блокададан шығаруға келісті


Аден портына жеткен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының кемесіне қарап тұрған йемендік. Йемен, шілде 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Аден портына жеткен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының кемесіне қарап тұрған йемендік. Йемен, шілде 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің коалициясы Йемен порттарын гуманитарлық көмек қабылдауға қайта ашуға келісті. Коалиция Иран қолдайтын хусит көтерілісшілері 4 қарашада Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа зымыран атқаннан екі күннен кейін Йемен порттарына блокада қойған.

БҰҰ өкілдері коалиция шешімін сақтықпен құптап, Салеф портын да ашуға шақырды. "Бұл жақсы жаңалық" деді БҰҰ гуманитарлық миссиясының Йемендегі басшысы Джеми Макголдрик. БҰҰ екі аптадан асқан блокада бұдан ары ұзарса ол Йеменнің соғыстан қалжыраған халқын аштыққа ұшыратып, елде тырысқақ індетінің одан сайын таралуына сеп болатынын айтады.

"Егер азық-түлік пен ауыз су шығаруға қажет жанармай жеткізілмесе Йеменнің миллиондаған азаматына қауіп төнеді" деді БҰҰ өкілі. Ұйым йемендіктерді ауыз сумен қамтамасыз ету тоқтатылса онда елдегі тырысқаққа қарсы шараларға кедергі келтіретінін айтады.

XS
SM
MD
LG