Accessibility links

Ұлыбритания әлемнің экономикасы ең ірі бес елі қатарынан шықты


Лондондағы Биг Бен мұнарасы фонында желбіреп тұрған Ұлыбритания туы (Көрнекі сурет).
Лондондағы Биг Бен мұнарасы фонында желбіреп тұрған Ұлыбритания туы (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания әлемнің экономикасы ең ірі бес мемлекеті қатарынан шығып қалды. Бұл туралы Ұлыбритания қаржы министрі Филип Хаммонд Халықаралық валюта қорының (ХҚ) мәліметтеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

Ұлыбритания бұл тізімде алтыншы орынға түсіп қалған, оның орнын Франция басқан. Ұлыбритания 2013 жылдан бері әлемнің экономикасы ең ірі бес мемлекеті тізімінде болған. ХВҚ-ның болжамынша, Ұлыбритания мен Франция экономикасы арасындағы алшақтық келесі жылы бұдан да ұлғая түседі.

Ұлыбританияның экономикалық өсімі 2016 жылы Еуропа Одағынан (ЕО) шығу туралы референдумнан соң күрт баяулаған. Ұлыбритания қаржы министрі Филип Хаммондтың сөзінше, референдумда британдықтардың ЕО-дан шығуды қолдап дауыс беруі бағаның көтеріліп, фунт стерлинг бағамының құлдырауына себеп болған.

ХВҚ әлемдегі экономикасы ең ірі елдер рейтингінде бірінші орында АҚШ, одан кейін Қытай, үшінші орында Жапония тұр.

XS
SM
MD
LG