Accessibility links

Қырымда тағы бірнеше белсенді ұсталып, біреуі қайтыс болды


Симферопольдегі Қырым татарларын тұтқындап жатқан сәт. Қырым, 23 қараша 2017 жыл.
Симферопольдегі Қырым татарларын тұтқындап жатқан сәт. Қырым, 23 қараша 2017 жыл.

Ресей аннексиялап алған Қырымда бірнеше Қырым татары тұтқындалып, олардың бірі - 82 жастағы әйел Веджие Кашка қайтыс болды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясының "Крым.Реалии" жобасы.

23 қарашада Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) мен ішкі істер министрлігі Қырым татарларының үш өкілін тұтқындап, тағы бірнешеуінің үйін тінткен. Веджие Кашка Симферопольдің орталығында ұсталған соң оған "жедел жәрдем" шақыртылды. Қырым татарлары қозғалысының ардагері ауруханада көз жұмды.

ФСБ Қырымда жиі тінту жасап, Қырым татарларын ұстап жатады. Құқық қорғаушылар арнайы қызметтің бұл әрекеттерінің саяси астары бар деп біледі. Себебі Қырым татарлары түбектің Ресейге қосылуына қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG