Accessibility links

Аргентина сүңгуір қайығы жоғалған ауданнан жарылыс үні шыққан


Аргентинаның жоғалып кеткен "Сан-Хуан" сүңгуір қайығы.
Аргентинаның жоғалып кеткен "Сан-Хуан" сүңгуір қайығы.

Аргентинаның "Сан-Хуан" сүңгуір қайығы жоғалған ауданда "гидроакустикалық ауытқу" байқалған. Аргентинаның әскери-теңіз флоты шағын ғана жарылыс болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жарылыс үні өткен аптада, сүңгуір қайықпен байланыс үзілген күні тіркелген.

Сүңгуір қайық локатордан 15 қарашада Атлант мұхитында жоғалып кеткен. Іздеу операциясын Аргентина флотының кемелері, ұшақтар мен тікұшақтар жүргізіп жатыр. Операцияға он елден төрт мыңға тарта адам қатасып жатыр. 23 қарашада іздеу жұмыстарына Ресей сүңгуір қайықтары да қосылған.

Сүңгуір қайық бортында 44 адам бар. Аргентина әскери-теңіз флоты сүңгуір қайықтағы оттегі қоры таусылуға жақындап қалды деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG