Accessibility links

Жээнбеков Атамбаевқа "Қырғыз Республикасының Батыры" атағын бермек


Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) және бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев ұлықтау рәсімінде. Бішкек. 24 қараша, 2017 жыл.
Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) және бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев ұлықтау рәсімінде. Бішкек. 24 қараша, 2017 жыл.

Бішкекте өтіп жатқан ұлықтау салтанатында сөйлеген Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қызметінен кетіп жатқан президент Алмазбек Атамбаевқа алғыс білдіріп, алғашқы жарлығымен оған "Қырғыз Республикасының Батыры" атағын беретінін және "Ак-Шумкар" орденімен марапаттайтынын мәлімдеді.

Жээнбеков бұған қоса сайлаушылар мен партияластарына өзіне сенім білдіргені үшін алғыс білдірді. "Елдің тағдыры - бұл әрбіріміздің тағдырымыз. Мен үшін өмірдің - мәні сіздердің сенімдеріңізді ақтау және мемлекеттілікті нығайту" деді Қырғызстан президенті.

Ол сонымен қатар Атамбаев бастаған даму жолын, мемлекеттік басқарудың парламенттік формасын жақтайтынын мәлімдеді.

Сооронбай Жээнбековті ұлықтау салтанаты Бішкектегі "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG