Accessibility links

ЕО Түркияны офшордың қара тізіміне енгізуі мүмкін


Түркия мен ЕО тулары (Көрнекі сурет).
Түркия мен ЕО тулары (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) Түркияны жыл соңына дейін офшордың қара тізіміне нгізуі мүмкін. Бұл туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады.

ЕО-ның арнайы жұмыс тобы одақ елдерінің қаржы министрлеріне Түркияны 5 желтоқсанда қара тізімге енгізуді ұсынып отыр. Жұмыс тобы Анкара қаржылық қызметін ашық қылатын жеткілікті шаралар қабылдамады және салық режимінде шектен тыс жеңілдіктермен күреспеді деп тапқан. Түркия ЕО қаржы министрлерінің кездесуіне дейін салық режимін реформалауға қатысты қосымша міндеттер алуға талпыныс жасап көрсе, жағдайдың өзгеруіне ықпал ете алуы мүмкін.

Агенттік дереккөзі ЕО қара тізімге енгізілген елдерге қандай санкция салуы мүмкін екенін әлі шешпегенін айтады. Франция мұндай елдерді халықаралық инвестициялар алатын мемлекеттер қатарынан шығарып тастауды ұсынып отыр. Бұл тізімге барлығы 36 ел кіруі мүмкін. ЕО жұмысшы барлығы 92 мемлекетке мониторинг жасайды.

XS
SM
MD
LG