Accessibility links

Тоқаев Атамбаевтың сөзіне жауап қайтарды


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан парламенті сенатының спикері

Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтің өзіне қарата айтқан сөзіне жауап берді.

"Викиликсте АҚШ дипломаты Янгтің Атамбаевтың психикалық ауруға шалдыққаны және оның ішімдікке әуестігі туралы түркиялық дәрігерлер мәліметіне сілтеме жасаған хабарламасы шықты. Бұл паранойяны асқындырады. Енді барлығы түсінікті болды! Оған тек сауығып кетуін тілейміз" деп жазды Тоқаев Twitter-де.

15 қарашада Атамбаев Қазақстан билігін сөгіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевты "жасы келген диктатор" деп сипаттаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан соң Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігіне қарата айтқан сөзін сынаған. Ол Twitter-де "Атамбаевтың кезекті лас шабуылға толы долданған сөзі көршілердің татулығына зиян тигізеді" деп жазған.

Ал 20 қарашада Бішкекте президент ретіндегі қорытынды баспасөз конференциясын өткізген Атамбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты "қожайынының айтқанын бұлжытпай орындауға дайын қосшы" деп атаған.

Қырғызстанда бүгін Алмазбек Атамбаевтің президент қызметін 15 қазанда сайланған президент Сооронбай Жээнбековке тапсырды.

ВИДЕО: Атамбаев Өтемұратов пен Тоқаев жайлы да айтты (20.11.2017)

Атамбаев Өтемұратов пен Тоқаев жайлы да айтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:13:06 0:00

AzattyqTV

Еревандағы наразылық шарасының жалғасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:57 0:00
XS
SM
MD
LG