Инвестиция және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Назаралы Жақсылық аяқасты өзін жайсыз сезініп, қайтыс болды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.
53 жастағы Назаралы Жақсылық бүгін түске дейін парламент мәжілісінің тыңдауына қатысуы тиі болған. Оның қайтыс болғанын журналистерге министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кейбір жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Назаралы Жақсылық жедел жәрдеммен ауруханаға әкетіп бара жатқанда көз жұмған.
Назаралы Жақсылық комитет төрағасының орынбасары қызметіне биыл тамызда тағайындалған. Бұдан бұрын ол "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясының геологиялық барлау жобаларын басқару департаментін, "ҚазМұнайГаз" компаниясының барлау жобаларын басқару департаментін және келешегі бар жобаларды дамыту департаментін басқарған.