Accessibility links

Шымкентте үш адам газдан уланып қайтыс болды


Газ баллоны (Көрнекі сурет).
Газ баллоны (Көрнекі сурет).

"Шымкентте бір отбасының үш адамы газдан уланып қайтыс болды" деп хабарлады Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

"23-қараша күні сағат 17:55-те Шымкент қаласы Таскен елді мекеніндегі жеке тұрғын үйде үш адамның мәйіті жатқаны туралы хабарлама түсті. Тексеру кезінде 1976 жылы туған азамат пен оның 1983 жылы туған әйелі және 2012 жылы туған баласының газдан уланып қайтыс болғаны анықталды" дейді баспасөз қызметі.

Бұл кісі өлімі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция оқиғаны "жазатайым өлім" деп тіркеген.

XS
SM
MD
LG