Accessibility links

ЕО жалған ақпарат таратумен күреске қаржы бөлмек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы басшылығы 2018 жылдан бастап ресейлік пропагандаға қарсы тұру мақсатына жыл 1,1 миллион еуро бөліп отыруды ұйғарды. Қаржы ресейлік жалған хабар таратуға қарсы іс-шаралармен айналысатын, стратегиялық мәселелер жөніндегі East Stratcom Task Force жедел жұмыс тобына беріледі.

Еуропа Одағы 2015 жылы құрған стратегиялық коммуникациялар бойынша жедел жұмыс тобы апта сайын «Жалған хабарларға шолу» жасап отырады. Онда ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының фактілерді бұрмалағаны туралы деректер жинақталады.

ВВС-дің хабарлауынша, East Stratcom Task Force тобы сарапшылар мен еріктілер желісінің жәрдеміне сүйенеді. Сондықтан қайсыбір елге Кремльдің мүддесін көздейтін жалған ақпарат тарап отырғандығынан хабардар болу сол аймақтағы сарапшылардың саны мен сапасына байланысты болмақ.

East Stratcom Task Force тобы алдағы жылдан бастап қызмет аясын кеңейтпекші. Аталған топ қазіргідей фактілерді бұрмалау оқиғалары тіркеп қана қоймай, кремльшіл БАҚ арқылы жалған ақпарат тарату әдіс-амалдарын талдаумен де айналысуды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG