Accessibility links

Туск: Лондонның Brexit жайлы шешімін айтуына 10 күн қалды


Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск.
Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск.

Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск Ұлыбританияның Еуропа Одағы (ЕО) құрамынан шығуына (Brexit) байланысты туындаған проблемаларды шешуде прогресс бар екенін көрсетуі үшін Лондонның он күн уақыты бар деп хабарлады. Жұма күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Туск Ұлыбританиямен келіссөздерде "барлық салалар", соның ішінде Еуропа Одағы құрамына кіретін Ирландиямен шекара мәселелерінің шешіміне қатысты да "ілгері" келісімге қол жету тиіс деп күтетінін жазған.

Желтоқсанның 4-і күні Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен кездесуі тиіс. Бұл күн Лондонның аталған мәселелерге байланысты позициясын айқындау үшін берілген "соңғы мерзім" ретінде аталған.

Желтоқсанның 24-і күні Тереза Мэй барлық негізгі даулы мәселелер бойынша келіссөздерде тараптардың алға жылжығаны туралы айтқан. Еурокомиссия Ұлыбритания бұған дейін 2020 жылға дейінгі кезеңге алған қаржы міндеттемелерін орындауы тиіс деп санайды. Еуроодақ құрамында болған кезде Лондон 2014 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арнап қабылданған еуропалық бағдарламаларды қаржыландыруға қатысуға міндеттеме алған. Қазіргі уақытта Еуропа Одағының есебі бойынша, Ұлыбританияның қаржы міндеттемесі 60 миллиард еуроны құрайды.

XS
SM
MD
LG