Accessibility links

Египетте терактіге күдікті отыз шақты адамды өлтірген


Террорлық шабуыл жасалған мешіт. Синай түбегі, Египет, 24 қараша 2017 жыл.
Террорлық шабуыл жасалған мешіт. Синай түбегі, Египет, 24 қараша 2017 жыл.

Египет армиясы жұма күні Синай түбегінде мешітке жасалған террорлық шабуылдан кейін жүргізген арнайы операция барысында Эр-Рисан елдімекенінде 30-ға жуық күдіктіні өлтірген. Бұл туралы әскерилер өкіліне сілтеме жасап Sky News Arabia хабарлады. Бұған дейін әскерилер шабуылға қатысты күдіктілер мінген бірнеше көлік пен жасырынған орындарын әуеден соққы беріп жойғанын айтқан еді.

Қарашаның 24-і күні Синай түбегінде мешітке жасалған террорлық шабуылдан кемінде 235 адам қаза тауып, 100-ден көп адам жараланған. Жұма намазы кезінде мешітке жасалған шабуылдан қаза тапқандардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар мен әскери адамдар екені туралы хабарланған. Аймақтағы ең үлкен қантөгіске әкелген терактіге жауапкершілікті әзірше ешбір радикалды ұйым мойнына алған жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдағандар жамағат намазға жиналған мешіт ішінде жарылыс болғаннан кейін сыртқа қашып шыққандар мен жедел жәрдем көлігіне қарудан оқ жаудырған. Бұдан соң олар көлікке отырып, із жасырған.

Египет билігі елде үш күндік аза тұту жариялаған.

XS
SM
MD
LG