Accessibility links

БАҚ: Сириядағы АҚШ әскерінің саны азайтылып көрсетілген


Сириядағы АҚШ әскерилері. (Көрнекі сурет.)
Сириядағы АҚШ әскерилері. (Көрнекі сурет.)

Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы арнайы операцияға қатысып жатқан америкалық әскер саны Пентагон жариялағаннан көп. Бұл туралы шенеуніктерге сілтеме жасап, Reuters агенттігі мен CNN телеарнасы хабарлады. Журналистердің дерегі бойынша, Сирияда қазір екі мыңға жуық америкалық сарбаз бар. Ақпарат құралдары АҚШ қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты қарашаның 27-і күні растай алады деп жазады.

Ресми мәліметте қазір Сирияда бар болғаны 500 АҚШ әскери қызметкері бар делінеді. Бұл жерде әңгіме арнайы электронды жүйеде әскерилер саны есебінің дәл еместігі туралы болып отыр деп жазады журналистер. Армия басшылығы сарбаздарды уақытша ауыстыру немесе келісім-шарт бойынша жаңадан әскери қызметкер жалдау тәрізді амалдарға барып, Ақ үй белгілеген шектеуді айналып өтуге тырысады дейді басылымдар.

Сириядағы америкалық әскерилердің көпшілігі – одақтастар күштерін жаттықтыратын, сондай-ақ "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы содырларына қарсы артиллериялық соққымен қолдау көрсететін кеңесшілер.

XS
SM
MD
LG