Accessibility links

Маңғыстауда теміржолдағы апаттан алты адам мерт болды


Қазақстанның Маңғыстау облысында теміржолда тепловозға соғылған "Газель" маркалы шағын автобусында болған алты адам қаза тауып, жеті кісі жарақат алған. Апат оқиғасы бүгін Астана уақытымен сағат 14:00 шамасында Теңге ауылының маңындағы теміржол өткелінде болған.

Қайғылы оқиға болған жерде құқық органдары өкілдері мен облыс прокурорының орынбасары жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды lada.kz сайты.

Зардап шеккендерде көмек көмек көрсету үшін санавиация бригадасы шақырылған. Жарақат алғандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған кемінде бір бала бар деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG