Accessibility links

Путин "шетел агенті"- БАҚ заңына қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин. Сочи. 21 қараша, 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Сочи. 21 қараша, 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин «шетел агенті» - бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға қойды. Құқықтық ақпарат ресми порталына қойылған заң күшіне енген. Енді шетелден қаржылай көмек алған БАҚ «шетел агенті» ретінде танылуы мүмкін.

Заң жобасы 15 қарашада Мемлекеттік думада бір ауыздан қабылданған. Осыдан соң Федерация кеңесі бұл заң жобасын мақұлдағанда бір депутат қалыс қалған.

Ілгеріде Ресей әділет министрлігі Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиа-корпорациясының жобалары «Свобода» радиосы мен "Настоящее время" телеканалдарына жұмысы шектелуі мүмкін екенін хабарлаған. Мұндай хатты корпорацияның Ресейдегі "Idel.Реалии" және "Сибирь.Реалии" жобалары да алған. Әділет министрлігінің хатында заңға өзгертулер енгізілгеннен кейін қандай шаралар қабылданатыны нақты көрсетілмеген.

Сенбі күні Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясының президенті Том Кент жоба редакциялары қандай шектеулерге ұшырайтыны туралы нақты ақпарат алмайынша, жаңа заңның тиімділігін бағалау мүмкін емес екенін мәлімдеді.

"Біз өзіміздің орыстілді аудиторияға нақты және объективті ақпарат берудегі журналистік жұмысымызды жалғастыра береміз", - делінген Кенттің мәлімдемесінде.

Ресейдегі шетел БАҚ-ы жұмысын шектеу шешімі Ресей үкіметі қаржыландыратын RT (Russia Today) телеарнасы АҚШ-тағы өз бөлімшесін Америка билігінің «шетел агенті» ретінде тіркелу талабын орындағанын хабарлаған соң қолға алынған. Вашингтон тарабы бірнеше мәрте өздерінің «шетел агенті» туралы заңы Ресейдің заңынан едәуір айырмашылыққа ие екенін және ақпарат еркіндігін шектемейтіндігін мәлімдеген.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының мәлімдемесінде Ресей журналисінің АҚШ-тағы және Америка журналисінің Ресейдегі жұмыс істеу ортасы үлкен айырмашылыққа ие екендігі айтылады. Корпорацияның Ресейдегі журналистері қысымға алынып, тіпті олардың шабуыл құрбандарына айналып жататыны да мәлімдемеде атап көрсетілген. Азат Еуропа/Азаттық радиосы Ресейде кабельді желіге ие емес, сондай жағдайда RT арнасы Америкаға еркін хабар таратып отыр. 2012 жылғы Ресей заңындағы өзгерістерге байланысты корпорация Мәскеудегі радиохабар таратуын тоқтатуға мәжбүр болған.

Ресейдің «шетелдік агент» - БАҚ заңын Еуропа қауіпсіздік жіне ынтымақтастық ұйымы, халықаралық құқық қорғау ұйымдары және Ресей президенті жанындағы адам құқығы және азаматтық қоғамды дамыту кеңесі де сынаған.

XS
SM
MD
LG