Accessibility links

АҚШ сыртқа хабар тарату кеңесі Ресей заңына орай мәлімдеме жариялады


АҚШ сыртқа хабар тарату (BBG) кеңесі басшысы Джон Лэнсинг Азат Еуропа/Азаттық радиосының Мәскеу бюросында.

АҚШ сыртқа хабар тарату (BBG) кеңесінің басшысы Джон Лэнсинг Ресей аумағында хабар тарататын шетелдік БАҚ туралы заңның күшіне енуіне байланысты мәлімдеме жасады. Заң талабы бойынша осы елдегі шетелдік БАҚ енді "шетел агенті" ретінде тіркеуден өтуі тиіс болады.

Мәлімдемеде Ресей ресми орындары заңның бұдан бұрын америкалық Азат Еуропа/Азаттық радиосы және «Америка даусы» радиосы жұмысын қатты шектейтінін бірнеше мәрте білдіргені айтылған.

«Біз өзіміздің жұмысымызға байланысты Ресей билігінен алуымыз мүмкін ресми хабарламаларды мұқият зерттейміз. Журналистік қызметке орай болуы мүмкін салдар туралы біз болжам жасамаймыз. Алайда бұны Құрама Штаттардың әрекетіне жауап қадам ретінде түсіндіретін шаралар шындықты айтарлықтай бұрмалау болып табылады. RT (Russia Today) және "Спутник" арналарын қоса алғанда, Ресей медиакомпаниялары Құрама Штаттағы жұмысын еркін жүргізеді және олардың өнімдері кабельді телевизиялық компаниялар және FM станциялары арқылы транслацияланып тарап жатыр. Алайда «Америка даусы», Азат Еуропа/Азаттық радиосын қоса алғанда, америкалық медиа Ресейде телевидение мен радиодан айрылды. Оған қоса кәсіптік қызметін атқару кезінде біздің журналистер Ресейде қудаланады және өз жұмысында айтарлықтай кедергіге душар болады. Азат Еуропа/Азаттық радиосына мақала жазатын Николай Семенаны Ресей соты жазған мақаласы үшін соттады. Штаттан тыс тілші Станислав Асаевты Украинадағы ресейшіл сепаратистер қамауда ұстап отыр. Азат Еуропа/Азаттық радиосының журналистері биыл наурыз айында Ресей оңтүстігіндегі Краснодарға барған ісспарында шабуылға ұшырап, соққыға жығылды. Ал «Америка даусының» тілшісі Дэниэль Ширфке Ресейге қайту кезінде виза бермеген»,-деп атап көрсеткен Джон Лэнсинг.

Мәлімдемеде Ресейдің Америкадағы БАҚ-ына жасалғандай жағдай Ресейде де АҚШ БАҚ-ына жасалса, АҚШ сыртқа хабар тарату кеңесінің оны қуана қабылдайтыны айтылған.

Сыртқа хабар тарату басшысының айуынша, Америка медиа-компаниялары Америка заңында бекітілгендей халықаралық аудиторияға, соның ішінде Ресейге де анық, объективті және толық ақпарат беру туралы өзінің миссиясына адал болып қалады.

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні «шетел агенті» - бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға қойған болатын. Құқықтық ақпарат ресми порталына қойылған заң күшіне енген. Енді шетелден қаржылай көмек алған БАҚ «шетел агенті» ретінде танылуы мүмкін.

Сенбі күні Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясының президенті Том Кент корпорацияның Ресейдегі жобалары қандай шектеулерге ұшырайтыны туралы нақты ақпарат алмайынша, жаңа заңның тиімділігін бағалау мүмкін емес екенін мәлімдеді.

"Біз өзіміздің орыстілді аудиторияға нақты және объективті ақпарат берудегі журналистік жұмысымызды жалғастыра береміз", - делінген Том Кенттің мәлімдемесінде.

Ресейдегі шетел БАҚ-ы жұмысын шектеу шешімі Ресей үкіметі қаржыландыратын RT телеарнасы АҚШ-тағы өз бөлімшесін Америка билігінің қойған «шетел агенті» ретінде тіркелу талабын орындағанын хабарлаған соң қолға алынған. Вашингтон тарабы бірнеше мәрте өздерінің «шетел агенті» туралы заңы Ресейдің заңынан едәуір айырмашылыққа ие екенін және ақпарат еркіндігін шектемейтіндігін мәлімдеген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG