Accessibility links

Маңғыстау: Жаңаөзен теміржолындағы апат құрбаны тоғызға жетті


Қазақстан картасындағы Маңғыстау облысының орны.
Қазақстан картасындағы Маңғыстау облысының орны.

Маңғыстау облысындағы тепловоз соққан «ГАЗель» көлігі апатынан құрбан болғандар саны тоғызға жетті.

Бұл туралы жергілікті агенттіктер хабарлады. Оқиға кеше Жаңаөзен қаласы маңында болған еді. Жаңаөзен прокуратурасына сілтеп ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан «36 адам зардап шеккен, оның тоғызы қайтыс болған». Жаңаөзен ауруханасына түскендер саны – 27, оның ішінде сегіз адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендер арасында балалар да бар. Аймақтық «Лада» басылымының хабарлауынша, зардап шеккен кейбір адамдардың кім екендігі әлі анықталмаған.

Оқиғаға қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің 344 бабы (темiржол... көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) және 345 бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүргізіліп отыр.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі жолдан өту құралдары дұрыс жұмыс істегенін, тепловоз машинисі жолда тұрған автокөлікті көрген сәтінде апатты тормозды пайдаланғанын хабарлаған.

Қайғылы оқиға кеше Астана уақытымен сағат 14:00 шамасында Теңге ауылының маңындағы теміржол өткелінде болған. Әуелде алты адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG