Accessibility links

Кудрин "шетел агенті" заңына өкініш білдірді


Алексей Кудрин.
Алексей Кудрин.

Ресейдегі стратегиялық жобалар орталығы кеңесінің төрағасы , бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин елде күшіне енген «шетел агенті» туралы заңды сынады. Ол бұл заңның БАҚ-қа қолданылатынына өкініш білдіретінін айтқан.

Оның айтуынша, кеше Ресей басшысы Владимир Путин қол қойған «шетел агенті» - БАҚ туралы заңы «шамадан тыс қатаң». Көптеген коммерциялық емес ұйымдар «шетел агентіне» жатқызылған.

Заңға қол қойылғаннан кейін жариялаған мәлімдемесінде АҚШ Сыртқа хабар тарату кеңесінің басшысы Джон Лэнсинг Америка медиа-компаниялары Америка заңында бекітілгендей халықаралық аудиторияға, соның ішінде Ресейге де анық, объективті және толық ақпарат беру туралы өзінің миссиясына адал болып қалатынын жариялаған.

Ал Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясының президенті Том Кент сенбі күні корпорацияның Ресейдегі жобалары қандай шектеулерге ұшырайтыны туралы нақты ақпарат алмайынша, жаңа заңның тиімділігін бағалау мүмкін емес екенін мәлімдеген.

"Біз өзіміздің орыстілді аудиторияға нақты және объективті ақпарат берудегі журналистік жұмысымызды жалғастыра береміз", - делінген Том Кенттің мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG