Accessibility links

Украина Голодомор үшін Ресейді арылуға шақырды


Голодомор құрбандары ескерткішіне келе жатқан Украина басшылары. Киев. 25 қараш, 2017 жыл.
Голодомор құрбандары ескерткішіне келе жатқан Украина басшылары. Киев. 25 қараш, 2017 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Ресейді миллиондаған адам құрбан болған елдегі үлкен ашаршылық - Голодомор қырғынын мойындауға, «немесе кем дегенде осы үшін өкініш білдіруге» шақырды.

Порошенко бұл туралы 25 қарашада Киев орталығында Голодомор құрбандарын еске алу рәсімінде айтқан. Украина президентінің айтуынша, геноцидті мойындамағаны үшін жауаптылық жүктейтін заң қабылдаудың да «сәті келген».

- Голодоморды мойындамау - Холокост оқиғасын теріске шығарған тәрізді соншалықты адамгершілікке жат қылық, - деген президент Петр Порошенко.

Украина мен тағы да он шақты ел Голодоморды украин халқына қарсы бағытталған геноцид ретінде мойындаған. Украинада Голодомор құрбандарын еске алу рәсімі жыл сайын қарашаның төртінші сенбісінде өткізіліп тұрады.

Тарихшылардың пайымдауынша, Совет одағының Украинада 1932 жылы шаруалардың астығын жаппай кәмпескелеуі Голодомордың негізгі себебі болып отыр.

Мәскеу украиндықтарға қарсы жүйелі шараны жоққа шығарып, Совет одағының өзге де бөліктерінде, соның ішінде Қазақстанда да ашаршылық болғандығын айтумен келеді. Тарихшылардың есептеуінше, арасында ашаршылық бар, репрессия салдарынан Сталин билеген тұста Совет одағында тоғыз миллион адам қаза тапқан.

Украинада өткен Голодомор құрбандарын еске алу күнінде мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарда ту төмен түсіріліп, діни орындарда дұға бағышталды. Киевтегі Михайлов алаңында Голодомор құрбандарына орнатылған ескерткішке келген жұрт шырақтар мен бидай масағын қойды. Киевтің Птуха атындағы демография және әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметтері бойынша, Голодомор салдарынан сол кездегі республика халқының 13 пайызы, яғни төрт миллионға жуық адам қаза болған.

XS
SM
MD
LG