Accessibility links

Кубалықтар Кастроны еске алды


Гаванадағы ғимарат сыртындағы экранда - Фидель Кастроның бейнесі. 24 қараша, 2017 жыл.
Гаванадағы ғимарат сыртындағы экранда - Фидель Кастроның бейнесі. 24 қараша, 2017 жыл.

Кубада жергілікті революция жетекшісі Фидель Кастроның жылдығын атап өтті. Осыған орай Кастро жиі сөйлеген Гавана университетінде еске алу рәсімі ұйымдастырылды. Бұл рәсімді коммунистік жастар одағы өткізді.

Фидель Кастро былтыр 25 қарашада 90 жасында қайтыс болған еді. Ол 48 жыл билікте отырды. Осынша елді басқарғанда Куба көбінесе АҚШ-пен жаулық қатынаста болды.

Куба үкіметі Кастроның жылдығына орай әрқандай бір ерекше шара өткізуді жоспарламаған. Фидель Кастроның өсиеттерінің бірі – оның атына көше, ғимарат, алаң атын бермеу және оған ескерткіш тұрғызбау болатын. Алайда Куба көшелерінде «Мен – Фидельмін», «Фидель әрқашан да тірі", "Фидель біздің ортамызда" деген жазуларды жиі көруге болады.

Фидель Кастро 2006 жылы сырқатына байланысты қызметінен кетіп, билікті інісі Рауль Кастроға тапсырған болатын.

Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастро мен СССР басшысы Никита Хрущевтің Қызыл алаңда тұрғаны бейнеленген С.Алтаевтың картинасы.
Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастро мен СССР басшысы Никита Хрущевтің Қызыл алаңда тұрғаны бейнеленген С.Алтаевтың картинасы.

XS
SM
MD
LG