Accessibility links

Еуропа одағы мен Армения кеңейтілген серіктестік келісіміне қол қойды


ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік бойынша жоғары өкілі Федерика Могерини (оң жақта) мен Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян қол алысып тұр. Брюссель. 24 қараша, 2017 жыл.
ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік бойынша жоғары өкілі Федерика Могерини (оң жақта) мен Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян қол алысып тұр. Брюссель. 24 қараша, 2017 жыл.

Брюссельде өткен Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс серіктестігі бойынша саммитінде ЕО мен Армения арасында кеңейтілген серіктестік жөніндегі келісімге қой қойылды.

Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 24 қарашада бұл құжатқа ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік бойынша жоғары өкілі Федерика Могерини мен Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян қол қойған. Қол қою рәсіміне Армения президенті Серж Саргсян мен Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск та қатысқан.

Федерика Могеринидің айтуынша, бұл келісім демократияға, заң үстемдігіне және адам құқығына адалдыққа негізделген.

- Мұндай келісімге ЕО және Еуразия одағына мүше мемлекет арасында бірінші рет қол қойылып отыр. Енді берілген артықшылыққа байланысты мүмкіндіктерді пайдалану үшін оның жүзеге асуы маңызды. Біз бірге жұмыс істейміз және осы келісімдердің қалай жүзеге асып жатқанын байқап отырамыз, - деген ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік бойынша жоғары өкілі.

Оның айтуынша, келісім сонымен бірге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобына қолдау көрсете отырып, халықаралық құқық негізінде Қарабах қақтығысын бейбіт реттеуге бағытталған.

Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян бұл «амбициялық құжаттың» Армения мен ЕО арасындаға қатынастың жаңа кезеңін көрсететінін және саяси диалог, кеңейтілген экономикалық ынтымақтастықта құқықтық негізбен және сауда мен инвестиция саласында жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз ететінін айтқан.

Әуелде Брюссель мен Ереван арасындағы Ассоциация жөніндегі келісім туралы келіссөз 2010 жылы басталған еді. Онда еркін экономикалық аймақтар құру да көзделген болатын. Алайда 2013 жылы Армения Еуразия экономикалық одағына кіретінін жариялап, келісімге қол қойылмай қалған. Ал 2015 жылы Ео мен Армения жаңа келісім туралы келіссөзді қайта бастаған. Биылғы наурыз айында кеңейтілген серіктестік келісімі қол қоюға даярланған болатын.

XS
SM
MD
LG