Accessibility links

AP: FBI Ресейдің хакерлік шабуылы туралы ақпаратты жасырып отыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ Федералдық тергеу бюросының (Federal Bureau of Investigation - FBI) қызметкерлері америкалық шенеуніктердің электрондық пошталарына Fancy Bear хакерлік тобының шабуыл жасағаны туралы ақпаратқа комментарий беруден жалтарды. Бұл туралы Associated Press агенттігі 26 қарашада жариялаған журналистік зерттеуде айтылады.

Агенттік дерегінше, Федералдық тергеу бюросында Кремльмен байланысы бар хакерлердің электрондық пошталарды 80 рет бұзып кіруге әрекеттенгені туралы ақпарат бар. Бірақ арнайы қызмет бұл шабуылдар туралы тек бірнеше электрондық пошта иелеріне ғана хабарлаған. Associated Press агенттігі бюро өз қызметкерлерінің ережеге сай "жеке адамдар мен ұйымдарды аса қауіп тудыратын ақпарат туралы ғана хабардар ететінін" ғана айтып, бұған қатысты комментарий беруден бас тартқанын хабарлады.

Бұған дейін New York Times газеті Fancy Bear тобының хакерлері Ресей қарулы күштері бас штабының бас барлау басқармасымен байланысы бар болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. АҚШ билігі Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтонның сайлауалды штабына осы топ кибершабуыл жасаған деп біледі.

XS
SM
MD
LG