Accessibility links

Еуропа кеңесі Ресейге қарсы санкцияны жою жайын талқылап жатыр


Турбьерн Ягланд, Еуропа кеңесінің бас хатшысы.
Турбьерн Ягланд, Еуропа кеңесінің бас хатшысы.

Еуропа кеңесі Мәскеудің Украинаға қарсы басқыншылығына жауап ретінде Ресейге салынған санкцияларды жою мәселесін қарастырып жатыр. Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд бұл туралы британиялық Financial Times басылымына хабарлады. Ягландтың пікірінше, Еуропа кеңесінің өкілдері бұл ұйымның басты міндеті - Ресейде немесе Қырымда болсын, "құрлықтың қай жерінде болса да" адам құқығын қорғау екенін ұмытпауы тиіс.

Ресей Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясында 2015 жылы айырылып қалған дауысқа ие болу құқығын қалпына келтіруді талап етеді. Ягланд егер Ресейдің бұл құқығы қалпына келтірілмесе, онда Ресей ұйым құрамынан шығуы мүмкін және ол адам құқығын қорғауға кері әсер етуі ықтимал деп қауіптенеді.

Еуропа кеңесінің басшысы Ресей мен оның азаматтары үшін Адам құқығы жөніндегі Еуропа конвенциясы мен Еуропа сотының маңызы зор екенін айтады. Financial Times-тің мақаласында Ресей ұйымнан шықса 140 миллион ресейлік Страсбург сотына жүгіну мүмкіндігінен айырылатыны айтылады. Страсбург сотында қаралып жатқан істердің үштен бірінің Ресейге қатысы бар.

Турбьерн Ягланд Ресейге қарсы санкцияларды жою мәселесін қарау Еуропа кеңесі Қырым аннексиясын мойындайды деген сөз емес екенін айтады.

XS
SM
MD
LG