Accessibility links

Белсенді Махамбет Әбжан 3,5 жылға сотталды


Белсенді Махамбет Әбжан өзіне қатысты сотта отыр. Астана, 27 қараша 2017 жыл.

Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты азаматтық белсенді Махамбет Әбжанды үш жарым жылға бас еркіндігінен айырып, мүлкін тәркілеу және жәбірленуші Азамат Жетпібаевтің пайдасына 2,5 миллион теңге өндіріп беру туралы үкім шығарды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, үкімнен соң Махамбет Әбжан үкіммен келіспейтінін мәлімдеп, оған шағымданатынын айтты.

- Үкім әділетсіз деп санаймын және оған шағымданамын. Қылмыс құрамы жоқ деп білемін, - деді Махамбет Әбжан.

23 қарашада өткен жарыссөзде Әбжанның ісіндегі прокурор Қанат Тілеужан оны алаяқтық бабымен айыпты деп танып, 4 жыл 8 айға соттауды сұраған. Прокурордың сөзінше, Әбжанның әрекетінен жәбірленушілер Ғалымжан Панов пен Азамат Жетпібаевқа жиыны үш жарым миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Әуелгі тергеу болжамына сәйкес, Махамбет Әбжан мен сотта премьер-министр канцеляриясында сарапшы болып жұмыс істеймін деп мәлімдеген "Ынтымақ Құрылыс Астана" компаниясының директоры Азамат Жетпібаев Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсукент ауылының тұрғыны Ғалымжан Пановты "егер бір миллион теңге салсаң, "Ата-Кент“ тұрғын үй-құрылыс кооперативінен (ТҚК) үш бөлмелі пәтер сатып алуыңа болады" деп шатастырған. Тергеу болжамынша, жәбірленушіге 972 мың теңгеден көп материалдық зиян келтірілген.

Бірақ қыркүйекте Азамат Жетпібаев екінші жәбірленуші ретінде танылды, ал Махамбет Әбжанның ісінде оны Жетпібаевқа жоғары жақтағы құзырлы құрылымдар арқылы жер телімінің мақсаттылығын көп қабатты үй салу деп өзгертуге көмектесемін деген уәде беріп, "сегіз мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны иемденіп кеткен" деп айыптайды. Ол тұста бұл екі жарым миллион теңгеден көп ақша болатын.

ВИДЕО: Белсенді Әбжанның соты жалғасты (24.11.2017)

Белсенді Әбжанның соты жалғасты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:33 0:00

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG