Accessibility links

Әбдірахманов: ОА елдері басшыларының бейресми кездесуін өткіземіз


1 желтоқсан - Қазақстан тұңғыш президенті күніне орай өтіп жатқан халықаралық парламенттік конференция. Астана, 27 қараша 2017 жыл.
1 желтоқсан - Қазақстан тұңғыш президенті күніне орай өтіп жатқан халықаралық парламенттік конференция. Астана, 27 қараша 2017 жыл.

Қазақстан Наурыз мерекесінде Орталық Азия елдері басшыларының бейресми кездесуін өткізеді деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Әбдірахманов бұл туралы Астанада 1 желтоқсан - Қазақстан тұңғыш президенті күніне орай өтіп жатқан халықаралық парламенттік конференцияда айтты.

Конференцияда сөйлеген Әбдірахманов "Бүгін де Орталық Азияда дәстүрлі достық және бауырластық қарым-қатынастың нығая бастағаны байқалады. Біз де барлық көрші елдермен Орталық Азия елдері басшыларының бейресми кеңесін өткізу туралы ұсынысты іске асыру жұмыстарын жасаймыз" деді.

Оның сөзінше, "көп жылдардан кейінгі бірінші рет өтетін" мұндай кездесуді Иран, Кавказ елдері мен түркі халықтарында атап өтілетін Наурыз мерекесі кезінде өткізу жоспарланып отыр.

Жиынға қазақстандық депутаттардан өзге 14 мемлекет - Армения, Әзербайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Венгрия, Италия, Испания, Қытай, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан парламенттерінің депутаттары қатысып жатыр. Сонымен қатар кездесуге Қазақстандағы дипломатиялық корпустардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен жергілікті сарапшылар да жиналған.

XS
SM
MD
LG