Accessibility links

DW: 5 жылда ислам елдерінде терактіден 200 мыңнан аса адам құрбан болды


Ирактағы теракт. Мамыр 2016 жыл (Көрнекі сурет)
Ирактағы теракт. Мамыр 2016 жыл (Көрнекі сурет)

Соңғы бес жылда ислам елдеріндегі терактілерден 200 мыңнан астам қаза тауып, жараланған. Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Эр-Риядта өткен Терроризмге қарсы ислам әскери коалициясының алғашқы кездесуіне қатысқандар айтты.

Мұсылман елдерінде бес жыл ішінде терроризммен келген шығын 350 миллиард долларға жеткен. Құрбандардың 70 пайыздан астамы Ирак, Ауғанстан, Пәкістан және Нигерияда тіркелген.

Терроризмге қарсы ислам әскери коалициясының құрылғаны туралы 26 қарашада Эр-Риядта хабарланған. Коалицияға негізінен сүнниттік елдер қосылған. Одақтастар терроризммен күресте әскери, қаржылық және саяси мүмкіндіктерін бірге жұмсамақ.

XS
SM
MD
LG