Accessibility links

Ақтөбеде "дағдарыс туған кездегі" іс-қимыл жаттығуы өтіп жатыр


Ақтөбедегі полиция қызметкерлері мен полиция арнайы жасағы (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі полиция қызметкерлері мен полиция арнайы жасағы (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде 28 қарашада қалалық ішкі істер департаментінің базасында "дағдарыс туындаған жағдайдағы" іс-қимылдарды пысықтаған республикалық командалық-штабтық жаттығу өтіп жатыр. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 27 қарашада басталған жаттығуда қоғамдық тәртіп орнататын мемлекеттік органдардың "қыс мезгілінде қоғамдық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайдағы бірлесе іс-қимыл жасау дайындығы" тексеріліп жатыр.

ІІД ақпараты бойынша, жаттығу барысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан президенті әкімшілігінің, ішкі істер министрлігінің өкілдері, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың басшылары қарап шыққан.

ІІД мұндай жаттығу Павлодар және Шымкент қалаларында да өтіп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG