Accessibility links

Алматы полициясы "акция жоспарлаған" топтың ұсталғанын мәлімдеді


Алматыдағы полиция микроавтобустары (Көрнекі сурет).

Алматы полициясы "қоғамдық тәртіпті бұзатын" акция ұйымдастырмақ болды деген күдікті топтың ұсталғанын мәлімдеді. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) ресми өкілі Салтанат Әзірбек "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Полиция бұл іс бойынша күдіктілер - 47 жастағы О.Өміров, 43 жастағы Қ.Әбішев және "топ жетекшісі" 51 жастағы А.Жұмағұловтың ұсталғанын хабарлады. Тергеу болжамынша, күдіктілер аты аталмаған "тіркелмеген қоғамдық ұйымды жамылып" Алматыда "қоғамдық тәртіпті бұзу, халықтың үрейін алу және құқық қорғау органдарының жұмысына саботаж жасау" акцияларын ұйымдастырмақ болған.

Салтанат Әзірбектің сөзінше, бұл іс бойынша үгіт-насихат материалдары, электрондық ақпарат тасылмалдағыш, әдебиет пен "қарулы "жиһадқа" шақыратын" видео тәркіленген.

"Тексеріліп жатқан бір нұсқа бойынша, аталған топ Қазақстан сотынан жасырынып, шетелде жүрген қылмыстық элементтердің нұсқауы бойынша әрекет еткен" деді Әзірбек.

Күдіктілер Алматы қалалық ІІД тергеу изоляторына қамалған. Департамент екі күдіктіге қатысты соталды тергеу кезіндегі бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қаралып жатқанын айтады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG