Accessibility links

Ресей истребителі АҚШ барлаушы ұшағын қақпайлады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ қарулы күштері Ресей истребителі Қара теңіз үстінде америкалық барлаушы ұшағына жақын ұшып келіп, қауіпті маневр жасағанын мәлімдеді. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Су-30 ұшағы АҚШ-тың P-8A ұшағына шамамен 15 метр жақын ұшып келіп, америкалық ұшқышты ұшақ бағыты мен биіктігін өзгертуге мәжбүр қылған.

АҚШ-тың Еуропадағы күштерінің өкілі Хуан Мартинес ресейлік ұшақтың маневрін "қауіпті түрде қақпайлау" деп атады. Ол америкалық ұшақ "халықаралық әуе кеңістігінде жоспарлы операция жасағанын" айтты. Ресей қорғаныс министрлігі америкалық ұшақ "үлкен жылдамдықпен мемлекеттік шекараға жақындағандықтан" әуеге истребитель көтерілгенін мәлімдеді.

Ресей ұшақтары халықаралық әуе кеңістіктерінде мұндай қақпайлау әрекеттерін жиі жасайды. Бірақ биылғы маусым айынан бері мұндай "қауіп төндіре жақын келу" бірінші рет болып отыр. Маусым айында Штутгарттағы АҚШ қолбасшылығы Балтық теңізі үстінде ресейлік истребительдің АҚШ ұшағына жақын келгенін хабарлаған. Ол кезде ресейлік ұшақтың америкалық ұшаққа жақын келгені сонша, суреттен кабинадағы ресейлік ұшқышты анық көрінген.

XS
SM
MD
LG