Accessibility links

Тиллерсон: Батыс Ресеймен нәтижелі қарым-қатынас жасағысы келеді


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

"Ресей көрші елдердің сайлау процесіне килігіп, демократиялық емес идеяларды қолдап, оларға қатысты басқыншылық саясатын жалғастырып отыр" деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон. Ол бұл туралы 28 қарашада Вашингтондағы Вудро Вильсон атындағы орталықта айтты.

Тиллерсон сонымен қатар Батыстың Ресеймен жаңа нәтижелі қарым-қатынас жасауға ұмтылатынын, бірақ Украинадағы дағдарыс реттелмей Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас дұрысталмайтынын айтты.

АҚШ мемлекеттік хатшысының сөзінше, Мәскеумен Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күрес және Ауғанстан мәселесін бірлесе шешу сияқты салаларда ынтымақтастықты дамытуға болады.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG