Accessibility links

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2018 жылы Ашхабадта өтеді


Ашғабадтағы Олимпиада кешені (Көрнекі сурет сурет).
Ашғабадтағы Олимпиада кешені (Көрнекі сурет сурет).

"Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқарушы комитеті әлем чемпионатын 2018 жылы Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткізу туралы шешім шығарды" деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

Бұның алдында әлем чемпионаты Перу астанасы Лимада өтуі тиіс болған. Қараша айында перуліктер турнирден бас тартты. Оған чемпионат өтуі тиіс болған спорт орталығының дайын еместігі себеп болған.

Биыл қыркүйек айында Түркіменстан жабық ғимаратта V Азия ойындарын өткізген. Оған қажетті спорт кешендері мен инфрақұрылымға 10-15 миллиард доллар жұмсалған. Олимпиада қалашығындағы ондаған нысанның екеуі - 5 миллиард долларға салынған жабық бассейн және жылқының алып басы Гиннестің рекордтар кітабына енді.

XS
SM
MD
LG