Accessibility links

Жээнбеков Мәскеуге сапарлап барады


Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан президенті.

Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков мемлекет басшысы ретіндегі шетелге алғашқы сапарында бүгін Мәскеуге барады.

Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожоева бұған дейін Жээнбеков жұмыс сапары аясында Ресей президенті Владимир Путинмен және премьер-министр Дмитрий Медведевпен кездесетінін хабарлаған. "Кездесуде екі жақты әріптестік мәселелері талқыланады" деген Айзада Субакожоева.

Жээнбеков бұған қоса 30 қарашада жұмыс бабымен Минскіге барып, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мемлекет басшылары саммитіне қатыспақ.

"Саммит аясында әріптестіктің 15 жылдағы нәтижелері қорытындыланып, 24 мәселе талқыға түседі. Ол мәселелер терроризм және аймақтағы экстремизмге қатысты болады. Мерейтой декларациясы қабылданады" деген Айзада Субакожоева.

Оның айтуынша, саммит аясында Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездеседі деп жоспарланбаған.

AzattyqTV

AzatNews 19.02.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:53 0:00
XS
SM
MD
LG